АБАЙДАН САБАҚ АЛДЫМ БАЛА ЖАСТАН…» ӘДЕБИ КЕШ ЖӘНЕ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында ақын, әнші, Абайдың дарынды шәкірті, досы Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған «Абайдан сабақ алдым бала жастан...» атты әдеби кеш және көрменің ашылу салтанаты өтті. Әдеби кешті Абай музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева алғы сөзімен ашып, асылдың ұрпағы, ақынның немересі А.Көкбаев өз алғысын білдірді. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Абай академиясы ғылыми-зерттеу институының директоры Ж.Әубәкір «К.Жанатайұлының ақындығы»...




