Жаңалықтар

“Алдымда ақын Абай – темірқазық” атты көрмесіне тақырыптық экскурсия өткізілді

Абай музейінде ғылыми қызметкер Дильназ Ғалымбекқызы Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына арналған “Алдымда ақын Абай – темірқазық” атты көрме аясында Әлихан Бөкейхан университеті студенттеріне тақырыптық экскурсия өткізді. Экскурсия барысында көрнекті абайтанушының ғылыми мұрасы, Абай Құнанбайұлы шығармашылығын зерттеудегі өлшеусіз еңбегі кеңінен таныстырылып, Абай тұлғасының рухани әлемі тереңінен насихатталды. Көрме – ұлт руханиятының темірқазығына айналған Абай мұрасын ұлықтауға бағытталған тағылымды шара.

Егерь

қорық аумағын қорғайды және ерекше қорғау режимінің сақталуын қамтамасыз етеді; бекітілген учаскені патрульдейді; табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуын алдын алады және жолын кеседі; жануарлар дүниесін және олардың тіршілік ету ортасын сақтау бойынша іс-шараларға қатысады; қызметтік құжаттаманы жүргізеді және есептілікті жасайды.

Күзетші

объектінің мүлкі мен материалдық құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етеді; өткізу және объектішілік режимді жүзеге асырады; қызметкерлердің, келушілердің және көлік құралдарының кіруі мен шығуын бақылайды; белгіленген кестеге сәйкес объект аумағын патрульдейді; объектідегі қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалайды; құқық бұзушылықтардың алдын алады және жолын кеседі; төтенше жағдайларға (өрт, апат, дабыл) дереу әрекет етеді; болған оқиғалар туралы басшылыққа және тиісті қызметтерге хабарлайды; қызметтік құжаттаманы...

Жұмысшы

өндірістік тапсырмаларды орындайды; бекітілген жабдық пен құралдарды күтіп ұстайды және оларды жарамды күйде сақтайды; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды; жұмыс орнында тәртіпті қамтамасыз етеді; жабдықтағы анықталған ақаулар туралы басшысына хабарлайды; еңбек тәртібін және ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтайды; өзінің біліктілігі шегінде басшының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Экскурсия жетекшісі

экскурсияларды жоғары ғылыми және танымдық деңгейде жүргізеді, келушілерге қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін қамтамасыз етеді; экспозициялар мен көрмелер бойынша белгіленген нормаларға сәйкес дәрістер оқиды, жаңа экскурсиялық және дәрістік тақырыптарды әзірлейді; экскурсиялар мен дәрістерді өткізу әдістемесін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді; әдістемелік құжаттарды дайындауға, экскурсиялар мен дәрістерді тыңдауға қатысады; соңғы ғылыми зерттеулер негізінде ғылыми-ағартушылық жұмыс жүргізеді; экскурсиялар мен дәрістердің тақырыптарын әзірлейді; отандық...

Әсет Найманбайұлының әдеби музейінде Үржар және Мақаншы аудандарының мектеп оқушылары арасында дәстүрлі «Әсет оқулары» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды

Әсет Найманбайұлының әдеби музейінде Үржар және Мақаншы аудандарының мектеп оқушылары арасында дәстүрлі «Әсет оқулары» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл рухани шараның басты мақсаты – Әсет Найманбайұлының мол мұрасын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау, оқушылардың көркем сөз оқу шеберлігін дамыту және ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру. Байқауға баға берген әділқазылар алқасы құрамында: ҚР-ның Мәдениет қайраткері, әсеттанушы, «Мақаншы айнасы» газеті редакторының орынбасары Разуев...

ХVI «АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА…» БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

2026 жылдың 16 сәуір күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы және Семей қаласының білім бөлімі аймақтық ХVI «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысын өткізді. Аймақтық ХVI «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысы білім беру саласында Абай мұрасына, оның әдеби ортасына баса назар аудару және оқу жүйесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Білім сайысы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының директоры Ұ.Сағадиевтің құттықтау сөзімен ашылды. Сайыстың қазылар алқасының құрамында Абайдың...

Қазақ музыкасын зерттеуші, композитор А.Жұбановтың туғанына 120 жыл

Жұбанов Ахмет Қуанұлы – композитор, дирижер, музыка зерттеушісі. Ахмет Жұбанов Абайдың музыкалық мұрасын 1933 жылдан бастап зерттей бастады. Абай әндерін жинауға, олардың сахнада орындалуына ерекше ат салысты. 1938 жылы Абайдың немересі Мәкен Турағұлқызынан ақынның «Айттым сәлем, қаламқас», «Ата-анаға көз қуаныш», «Бойы бұлғаң», «Біреуден біреу артылса», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қор болды жаным» әндерін жазып алды. 1941 жылы А.Жұбановтың...

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында кезекті Ғылыми кеңес өтті.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында кезекті Ғылыми кеңес өтті. Ғылыми кеңесте Ә.Найманбайұлы музейі қызметі 2025 жылғы, 2026 жылдың І тоқсанындағы көрсеткіштері, «Жидебай» қорығы - Абайдың музей-үйі бөлімінің экскурсия жетекшісі Г.Құсайынованың есебі және Шәкәрім университетімен бірлескен ғылыми жоба бойынша атқарылған жұмыстар есебі тыңдалды. Сонымен қатар 2026 жылға арналған музей қызметінің негізгі мақсатты көрсеткіштері туралы (КРІ) және І тоқсандағы бөлімдерінің ақылы қызметін...

«Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» бірлесіп «Абай Құнанбайұлының рухани қазынасы және мектепте оқыту әдістемесі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы және Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» бірлесіп «Абай Құнанбайұлының рухани қазынасы және мектепте оқыту әдістемесі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинардың негізгі мақсаты: «Абайтану» курсының өзектілігі арттырудағы пән мұғалімдерінің әдістемесін жетілдіру; Оқушылардың «Абайтану» курсы бағдарламасын толық игеруі үшін музей мен оқу орындарының жұмыстарын үйлестіру; Музейлік педагогиканы жетілдіруде мектеп мұғалімдерімен өзара тәжірибе алмасу; Музей мен білім...