«МҰХТАР МҰРАСЫ – АДАМЗАТ ҚАЗЫНАСЫ» АЙМАҚТЫҚ БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында қазақ әдебиетінің классик жазушысы, ғұлама ғалым М.О.Әуезовтің туған күніне орай ұйымдастырылған «Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» атты аймақтық білім сайысы өтті. Дәстүрге айналған аталмыш сайысты өткізудегі басты мақсат – классик жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық әлемін келешек жас буынның санасына сіңіріп, әр қырын терең білуге ынталандыру және кеңінен насихаттау. Сайысқа жалпы саны 25 үміткер қатысты....




