Жаңалықтар

«Киелі өнердің Келденбайы»

«КИЕЛІ ӨНЕРДІҢ КЕЛДЕНБАЙЫ» Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында ҚР Мәдениет қайраткері, дәстүрлі әнші Келденбай Өлмесековтың 70 жылдығына арналған «Киелі өнердің Келденбайы» атты еске алу кеші өтті. Келденбай Өлмесеков Абай музейінің қорындағы Ахат Шәкәрімұлы, Шәкір Әбеновтың, Ниязбек Алдажаровтың, Қабыш Керімқұловтың орындауында сақталған Шәкәрімнің...

Абай музейіндегі «Музей түні»

АБАЙ МУЗЕЙІНДЕГІ «МУЗЕЙ ТҮНІ» ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 18 мамыр күні Халықаралық музейлер күніне арналған мәдени-көпшілік шарасы аталып өтті. Музей күніне арналған шаралар аясында Семей қаласындағы мәдениет және өнер мекемелері қызметкерлері арасында «Шәкәрім даналығы» квесті өткізіліп, музей залдары бойынша тапсырмалар орындалып, үздік...

«Шәкәрім даналығы» атты әдеби квест

«Шәкәрім даналығы» атты әдеби квест 2023 жылдың 18 мамырында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп «Мәдениет және өнер қызметкерлері» күніне арналған және Шәкәрім Құдайберіұлының 165 жылдық мерейтойына орай Семей қаласының мәдениет өнер қызметкерлері арасында «Шәкәрім даналығы» атты әдеби квест өткізді. Әдеби...

Ә.Навои атындағы мемлекеттік әдеби музеймен байланыс орнатылды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Әлішер Навои атындағы мемлекеттік әдеби музейімен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Үкімет басшысы Абай музейінде

Абай облысында жұмыс сапарымен болған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов және ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының экспозициясымен танысып, өңірдің шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді. Сондай-ақ, Үкімет басшысы музей аумағында «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішіне гүл шоқтарын...

ХІІІ «Абайды оқы, таңырқа…» білім сайысы өткізілді

ХІІІ «АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА...»  БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ 2023 жылдың 14 сәуір күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы және Семей қаласының білім бөлімі аймақтық ХІІІ «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысын өткізді. Аймақтық ХІІІ «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысы білім беру саласында Абай мұрасына, оның әдеби ортасына баса назар аудару...

«XXI ғасырдағы музей маманы: кәсіби біліктілік пен мансап» атты біліктілікті арттыру курсы өтті.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында 2023 жылғы наурыздың 28-29 күндері музей мамандарына арналған «XXI ғасырдағы музей маманы: кәсіби біліктілік пен мансап» атты біліктілікті арттыру курсы өтті. ҚР Ұлттық музейінің мамандары ұйымдастырған біліктілікті арттыру курсына ҚР Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитетіне қарасты Абай музей-қорығының...

«Абайтануды оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік семинар.

«Абайтануды оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік семинар. «Абай облысы білім білім басқармасы» ММ «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ ағымдағы жылдың 27 наурыз күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығымен бірлесіп «Абайтануды оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Мақсаты: Педагогтердің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру, орта білім...

Шәкәрім мұрасы – халықтың асыл қазынасы

ШӘКӘРІМ МҰРАСЫ – ХАЛЫҚТЫҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойына орай «Шәкәрім мұрасы – халықтың асыл қазынасы» атты көрменің ашылуы өтті. Салтанатты шараға Семей мемлекеттік Шәкәрім атындағы университет ректоры Б.Ердембеков, ақынның ұрпағы Қайыртай қажы, қаланың зиялы...

«Мемлекеттік тіл-менің тілім: Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…»

2023 жылғы 24 ақпанда «Абай облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» РМҚК бірлесе ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл-менің тілім: Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Аталған дөңгелек үстелге мектеп мұғалімдері, Шәкәрім атындағы...