Мерейлі даталар

Қазақ музыкасын зерттеуші, композитор А.Жұбановтың туғанына 120 жыл

Жұбанов Ахмет Қуанұлы – композитор, дирижер, музыка зерттеушісі. Ахмет Жұбанов Абайдың музыкалық мұрасын 1933 жылдан бастап зерттей бастады. Абай әндерін жинауға, олардың сахнада орындалуына ерекше ат салысты. 1938 жылы Абайдың немересі Мәкен Турағұлқызынан ақынның «Айттым сәлем, қаламқас», «Ата-анаға көз қуаныш», «Бойы бұлғаң», «Біреуден біреу артылса», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қор болды жаным» әндерін жазып алды. 1941 жылы А.Жұбановтың...

«МЕН БІР ҒАСЫР КУӘСІ» ӘДЕБИ КЕШ ЖӘНЕ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ

Бүгін ақын, сазгер, күйші Шәкір Әбенұлының 125 жылдығына арналған «Мен бір ғасыр куәсі» атты әдеби кеш және көрменің ашылу салтанаты өтті. Әдеби кешті Абай музейінің директоры Ұ.Сағадиев алғы сөзімен ашып, ақынның ұрпағы Сана Шәкірқызына құрмет көрсетті. Шәкәрім университетінің ф.ғ.д, профессор А.Қадыров «Ш.Әбенұлының ақындығы» баяндама жасады. Халықаралық Абай қорының президенті О.Кәрібжанов, Абай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Әлин, С.Шәкірқызы ақын жайлы естеліктерімен бөлісіп,...

«АБАЙТАНУДЫҢ АСҚАН БІЛГІРІ» МӘДЕНИ ШАРА

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы мен Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті бірлесе қазақтың көрнекті ғалымы, әдебиет зерттеушісі, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Абайтанудың асқан білгірі» атты мәдени шара ұйымдастырды. Бүгінде мемлекеттік мәртебедегі музей-қорыққа айналған қасиетті қара шаңырақта Қайым Мұхамедханов жәдігерлер мен ұлы ақын жайындағы естеліктер, қолжазбалардың жиналуына мол еңбек сіңірді. Осы әдеби музейді абайтану саласының ғылыми орталығына...