“Алдымда ақын Абай – темірқазық” атты көрмесіне тақырыптық экскурсия өткізілді
Абай музейінде ғылыми қызметкер Дильназ Ғалымбекқызы Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына арналған “Алдымда ақын Абай – темірқазық” атты көрме аясында Әлихан Бөкейхан университеті студенттеріне тақырыптық экскурсия өткізді.
Экскурсия барысында көрнекті абайтанушының ғылыми мұрасы, Абай Құнанбайұлы шығармашылығын зерттеудегі өлшеусіз еңбегі кеңінен таныстырылып, Абай тұлғасының рухани әлемі тереңінен насихатталды.
Көрме – ұлт руханиятының темірқазығына айналған Абай мұрасын ұлықтауға бағытталған тағылымды шара.




