Заңғар жазушының мерейтойы Абай елінен бастау алды
ЗАҢҒАР ЖАЗУШЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ АБАЙ ЕЛІНЕН БАСТАУ АЛДЫ Бүгін Семей қаласындағы Әлихан Бөкейхан университетінде қазақтың классик жазушысы, ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығымен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы мен Әлихан Бөкейхан университеті бірлесіп өткізді. Заңғар жазушының 125 жылдық мерейтойына бастау берген ғылыми-тәжірибелік конференцияның тақырыбы: «Мұхтар Әуезовтің классикалық мұрасы...