«Ядролық сынақтардан азат әлем» көрмесінің ашылуы өтті
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде 28 шілде күні Семей ядролық полигонның жабылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ядролық сынақтардан азат әлем» мүсіндер көрмесінің ашылу өтті. Көрменің авторы суретші, мүсінші, қолөнер шебері Қ.Аймұханбетов. Көрмеде қолөнер шеберінің жиырмадан астам туындылары ел назарына ұсынылды. Айтулы шараны Абай музейінің директоры, әдебиеттанушы-философ Тұрдықұл Шаңбай ашты. Музей басшысы: «Біздің музей даналықтың музейі. Музей қызметінің басты кредосы хакім Абайдың...