Автор - Zhanar73

Абай еліне құрмет

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры Тұрдықұл Шаңбай мен әкімшілік-шаруашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары Нұрлан Райстанов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Абай ауданының орталығы Қарауыл селосына арнайы барып қайтты. Абай ауданының әкімі Нұржан Абдикаримовтың қабылдауында болып, өткен жылы бірлесе істелген қыруар жұмыстардың нәтижесін талқылады. 2021 жылы Көкбай Жанатайұлының 160 жылдығын, Шәкір Әбеновтың 120 жылдығын Абай музейі мен Абай ауданы бірлесе...

Абай музейі тәуелсіздік жылдарында

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Абай музейі тәуелсіздік жылдарында» айдарымен тарихи 30 деректі күнделікті назарларыңызға ұсынатын боламыз. Бізбен бірге болыңыздар!

Тарихы терең танымдық көрме

2021 жылдың 3 қараша күні Мәдениет және спорт министрлігі қарасты Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойына орай Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тамыры терең туған жер» тақырыбындағы көрменің ашылу өткізілді. Семей және Павлодар өңірінің арасына алтын көпір орнатып, музей қызметкерлерін бір арнаға тоғыстырған бұл мәдени шара сексен жылдық тарихы бар Абай музейі мен Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық...

Музей ұжымы Өскемен қаласындағы музейлерде

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұжымы Өскемен қаласындағы музейлерге саяхат жасап қайтты. Пандемия салдарынан кейінге шегеріліп келген бұл мәдени сапарды музейдің ғылыми құрамы облыстық өлкетану музейінен бастады. Артынша Өнер музейінде және ШҚО сәулет этнографиялық және табиғи ландшафтық музей-қорығын аралады. Барлық музейлердегі әріптестерімізге директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева ұжым атынан алғысын жеткізіп, сый-сияпаттар табыстады. Алдағы уақытта еліміздегі барлық музейлерге осындай саяхаттар ұйымдастырылып, әріптестік қарым-қатынас...

«Қазақ руханиятының қарашаңырағы»

Лекция мен кітап көрмесі өтті. Абай музейінің құрылған күніне орай 14 қазан күні Семей қаласындағы жалпы білім беретін №18 мектепте «Қазақ руханиятының қарашаңырағы» тақырыбында кітап көрмесі және лекция ұйымдастырылды. Көрмеге «Абай музейінің кітапханасы» сериясымен жарық көрген баспа өнімдері қойылды. Олар атап айтқанда абайтану, шәкәрімтану, мұхтартану және алаштануға қатысты ғылыми мақалалар, «Абай музейінің Хабаршысы» әдеби-танымдық журналы, «Абай музейінің кітапханасы» сериясымен дайындалған Абай, Шәкәрім,...

Музей қызметкерлері марапатталды

21 қазан күні Абай музейі директорының шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары Н.Райстанов және кәсіподақ ұйымының төрайымы Ж.Байгаскина Жидебайдағы Абай музей-үйінің қызметкерлеріне құрмет грамоталарын табыстап қайтты. Атап айтар болсақ, Жидебайдағы ақын музейіндегі ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін Марат Мақановқа «Еңбек даңқы» медалі табысталды. Еліміздің өркендеу жолындағы ерен еңбегі үшін саланың кәсіподақ қозғалысын дамытуға және нығайтуға қосқан үлесі үшін Е.Күзембаев, Мәдениет саласына қосқан елеулі үлесі...