Автор - admin

Роллан Сағынғалиұлы Мырзаханов «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығы директорының орынбасары болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының  2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 78-жбұ бұйрығымен Мырзаханов Роллан Сағынғалиұлы «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директорының әкімшілік-шаруалық ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2013 жылы Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін “Құқықтану” мамандығы бойынша  бітірген.  

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы мен Семей қаласындағы № 45 жалпы орта білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен «Абай сөзі ұрпаққа үлгі» тақырыбында дәріс өткізілді.

Ғылыми-танымдық шара аясында «Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов» музейінің меңгерушісі Қ.Қиықбай Абайдың қарасөздері, ақынға әсер еткен орта мен ойшылдың тағылымын тыңдап, тәлімін жалғаған өнер ортасы туралы мағлұмат берді. Өз кезегінде мектеп оқушылары музей қызметкеріне хакім Абайға қатысты сұрақтарын қойып, қызықты мәліметтерге қанықты.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы мен Семей қаласындағы №45 жалпы орта білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен «Абай сөзі ұрпаққа үлгі» тақырыбында дәріс өткізілді.

Ғылыми-танымдық шара аясында «Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов» музейінің меңгерушісі Қ.Қиықбай Абайдың қарасөздері, ақынға әсер еткен орта мен ойшылдың тағылымын тыңдап, тәлімін жалғаған өнер ортасы туралы мағлұмат берді. Өз кезегінде мектеп оқушылары музей қызметкеріне хакім Абайға қатысты сұрақтарын қойып, қызықты мәліметтерге қанықты.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығына Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Сеитова Күміс Қарсақбайқызы бастаған ұжым өкілдері арнайы келіп, музейдің тыныс-тіршілігімен танысты.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығына Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Сеитова Күміс Қарсақбайқызы бастаған ұжым өкілдері арнайы келіп, музейдің тыныс-тіршілігімен танысты. Астанадан келген делегация Абай Құнанбайұлының 180-жылдығы аясында жарық көрген ҚР Еңбек сіңірген ұстазы, педагог-зерттеуші Гүлмира Әбілмәжінқызының «Ұрпаққа ұлағат» атты жаңа кітабының әлемнің тоғыз тіліне аударылған топтамасын сыйға тартты. Ұлттық академиялық кітапхананың ұжымына үлкен алғыс білдіреміз. Оқырман жүрегінен орын алатын кітаптарыңыз...

Минск қаласындағы Янка Купала атындағы Мемлекеттік әдеби музейінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығының арнайы көрмесі ашылды.

2025 жылғы 26 тамызда Беларусь мемлекетінің Минск қаласындағы Янка Купала атындағы Мемлекеттік әдеби музейінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының арнайы көрмесі ашылды. Көрме Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай ұйымдастырылған. Экспозицияда Абайдың түпнұсқа шығармалары, тұрмыстық заттары мен ақынның рухани және шығармашылық мұрасына байланысты жәдігерлер қойылған. Көрменің ашылуына Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тимур Жақсылықов,...

«Алдымда ақын Абай темірқазық» атты шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 2025 жылдың 9 тамыз күні 14.30-да Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Адамзаттың Абайы: Руханият, Парасат, Таным» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында абайтану ғылымының асқан білгірі, көрнекті ғалым, дарынды ақын әрі талантты драматург Қайым Мұхамедхановтың «Алдымда ақын Абай темірқазық» атты шығармалар жинағының тұсаукесері өтеді. Аталған жинақ «Қайым Мұхамедханов атындағы Білім және мәдениет орталығының» бастамасымен жарық көріп отыр. Кітап ақындық...

«АБАЙ ӘЛЕМІ ЖӘНЕ ЯСАУИ»

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында 23 шілде күні сағат 11.00 де «Әзірет сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей қорығымен бірлесе отырып ұйымдастырылған «Абай әлемі және Ясауи» атты көрменің ашылуы өтті. Аталмыш шара Семей қаласы ардагерлер кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылған «Ұлағатты өлке – Абай, ұлылар мекені – Семей» атты ауқымды акция-челленджімен тұспа-тұс келді. Ашылу салтанатына Семей қаласының...

«Шәкәрім — Абайдың дарынды шәкірті»

Бүгін 11 шілде Абайдан кейінгі ұлттық әдебиеттің көрнекті өкілі, ойшыл ақын, жазушы, философ, тарихшы, сан қырлы талант иесі Шәкәрім Құдайбердіұлының туған күніне орай кітап Осыған сәйкес Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік тарихи - мәдени және әдеби - мемориалдық музей - қорығында «Шәкәрім - Абайдың дарынды шәкірті» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Шәкәрімнің артында қалған мол мұра: даналық пен даралыққа, ақыл мен насихатқа...

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әбеби-мемориалдық музей-қорығында 6 шілде Астана күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

2006 жылдан бастап 6 шілде Елорда күні ретінде атап өтілуде. Бүгінгі Астана қаласы - тәуелсіз Қазақстанның Елордасы, Отанымыздың жүрегі. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды. Астана - бұл болашаққа бет бұрған жарқын қала. Әр елдің астанасы - сол елдің төл құжаты. Кітап көрмесіне: «Астана» энциклопедиясы, «Еуразия жүрегінде», «Менің елім Қазақстан» және т.б астанаға қатысты өлеңдер мен...

«Домбыра – қазағымның қазынасы» көрмесі

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында 26 маусым Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра – қазағымның қазынасы» атты көрме ұйымдастырылды. Домбыра аспабының қазақ халқының руханиятында алар орны ерекше. Қазақ домбырасының түп тамыры көне замандардан бастау алады. Көне түрік дәуірінен бері талай ғасырлардың талқысынан өтіп, ұрпақтан-ұрпақққа аманат болып жалғасып жеткен домбыра – қазақ халқының баға жетпес ұлттық...