Жаңалықтар

Ә.Навои атындағы мемлекеттік әдеби музеймен байланыс орнатылды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының Әлішер Навои атындағы мемлекеттік әдеби музейімен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Үкімет басшысы Абай музейінде

Абай облысында жұмыс сапарымен болған ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов және ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының экспозициясымен танысып, өңірдің шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді. Сондай-ақ, Үкімет басшысы музей аумағында «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, музей экспозициясымен танысты.

ХІІІ «Абайды оқы, таңырқа…» білім сайысы өткізілді

ХІІІ «АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА...»  БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ 2023 жылдың 14 сәуір күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы және Семей қаласының білім бөлімі аймақтық ХІІІ «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысын өткізді. Аймақтық ХІІІ «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысы білім беру саласында Абай мұрасына, оның әдеби ортасына баса назар аудару және оқу жүйесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Байқаудың қазылар алқасының құрамында Абай музей-қорығы  директорының ғылыми жұмыстар...

«XXI ғасырдағы музей маманы: кәсіби біліктілік пен мансап» атты біліктілікті арттыру курсы өтті.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында 2023 жылғы наурыздың 28-29 күндері музей мамандарына арналған «XXI ғасырдағы музей маманы: кәсіби біліктілік пен мансап» атты біліктілікті арттыру курсы өтті. ҚР Ұлттық музейінің мамандары ұйымдастырған біліктілікті арттыру курсына ҚР Мәдениет және спорт министірлігі Мәдениет комитетіне қарасты Абай музей-қорығының мамандары мен Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Семей қаласының облыстық тарихи...

«Абайтануды оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік семинар.

«Абайтануды оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік семинар. «Абай облысы білім білім басқармасы» ММ «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ ағымдағы жылдың 27 наурыз күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығымен бірлесіп «Абайтануды оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Мақсаты: Педагогтердің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру, орта білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру, қолдау көрсету. Аталған шараға...

Шәкәрім мұрасы – халықтың асыл қазынасы

ШӘКӘРІМ МҰРАСЫ – ХАЛЫҚТЫҢ АСЫЛ ҚАЗЫНАСЫ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Шәкәрім Құдайбердіұлының 165 жылдық мерейтойына орай «Шәкәрім мұрасы – халықтың асыл қазынасы» атты көрменің ашылуы өтті. Салтанатты шараға Семей мемлекеттік Шәкәрім атындағы университет ректоры Б.Ердембеков, ақынның ұрпағы Қайыртай қажы, қаланың зиялы қауым өкілдері және ұстаздар мен студенттер қатысты. Шараның шымылдығын Абай атындағы музыкалық-драма театр актеры А.Нұрқасым Шәкәрім...

«Мемлекеттік тіл-менің тілім: Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…»

2023 жылғы 24 ақпанда «Абай облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» РМҚК бірлесе ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл-менің тілім: Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп...» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Аталған дөңгелек үстелге мектеп мұғалімдері, Шәкәрім атындағы университет, Семей медициналық университетінің және М. Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері, өзге ұлт жастары қатысты. Дөңгелек...

«Абай әндерін әуелеткен әнші»       

«АБАЙ ӘНДЕРІН ӘУЕЛЕТКЕН ӘНШІ» Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында дәстүрлі әнші, ҚР мәдениет саласының үздігі, ұлттық өнерімізді ұлықтаушы Нұриден Иманбаевтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Абай әндерін әуелеткен әнші» тақырыбында еске алу кеші өткізілді. Шараның ашылу сәтінде сөз алған Абай музейінің директоры, философ-әдебиеттанушы Тұрдықұл Қасенұлы бастаған, әнші жайлы Д.Омарбаева, Н.Аққожина, М.Матанов, С.Жансап, А.Ағыбаев, Ж.Ыбырайымұлы жақсы естеліктерімен бөлісіп, алдағы уақытта атқарылатын шаралар туралы ұсыныстарын айтты. Кеште...

Абай сырына үңілген қаламгер

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, педагог, филология ғылымдарының кандидаты, абайтанушы-ғалым Мұрат Сұлтанбековтың 85 жылдық мерейтойына арналған «Абай ұлағатынан нәр алған қаламгер» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Шараның ашылу сәтінде сөз алған Абай музейінің директоры, философ-әдебиеттанушы Тұрдықұл Қасенұлы "Мұқаңның мерейтойының қара шаңырақта бастау алуы заңды құбылыс" деп ақынның шығармашылығына терең тоқталып өтті. Басқа да зиялы қауым өкілдері әдеби...

Ел Президенті Абай музейінің Өзбекстандағы көрмесін тамашалады

ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІ АБАЙ МУЗЕЙІНІҢ ӨЗБЕКСТАНДАҒЫ КӨРМЕСІН ТАМАШАЛАДЫ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Өзбекстанға сапары барысында сол елдің Президенті Шавкат Мирзиеевпен бірге Абай мұрасы күндері аясында, ұлттық бейнелеу өнері галереясында ашылған Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының «Абай – туысқан халықтар мұрасы» көрмесін тамашалады. Бұл көрме – екі ел арасындағы достық пен бауырластық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған маңызды қадам.