Жаңалықтар

ХІІІ «Абайды оқы, таңырқа…» білім сайысы өткізілді

ХІІІ «АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА…» 

БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

2023 жылдың 14 сәуір күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы және Семей қаласының білім бөлімі аймақтық ХІІІ «Абайды оқы, таңырқа…» білім сайысын өткізді.

Аймақтық ХІІІ «Абайды оқы, таңырқа…» білім сайысы білім беру саласында Абай мұрасына, оның әдеби ортасына баса назар аудару және оқу жүйесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Байқаудың қазылар алқасының құрамында Абай музей-қорығы  директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары  М.Қайрамбаева,  білім бөлімінің әдіскері Н.Байсарина және Абай музей-қорығының ғылыми қызметкері А.Қажыбай болды.

Жалпы сайыстың қорытындысы бойынша:

Бірінші орынды Шәкәрім атындағы ҮТО көпбейінді мектеп гимназиясының оқушысы Ж.Әзімхан, екінші орынды №35 мектеп оқушысы А.Бақытбекова және №47 мектеп оқушысы М.Мақсұтқан, үшінші орынды №4 мектеп оқушысы А.Оралбекқызы, №47 мектеп оқушысы А.Әлібекқызы және №15 мектеп оқушысы Д.Биқатаева иеленді.

Сайыс жеңімпаздары, ұстаздары арнайы дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жаңалықпен бөлісіңіз