Жаңалықтар

«Абай әндерін әуелеткен әнші»       

«АБАЙ ӘНДЕРІН ӘУЕЛЕТКЕН ӘНШІ»

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында дәстүрлі әнші, ҚР мәдениет саласының үздігі, ұлттық өнерімізді ұлықтаушы Нұриден Иманбаевтың 60 жылдық мерейтойына арналған «Абай әндерін әуелеткен әнші» тақырыбында еске алу кеші өткізілді.

Шараның ашылу сәтінде сөз алған Абай музейінің директоры, философ-әдебиеттанушы Тұрдықұл Қасенұлы бастаған, әнші жайлы Д.Омарбаева, Н.Аққожина, М.Матанов, С.Жансап, А.Ағыбаев, Ж.Ыбырайымұлы жақсы естеліктерімен бөлісіп, алдағы уақытта атқарылатын шаралар туралы ұсыныстарын айтты.

Кеште әншінің шәкірттері, қалалық мәдениет сарайының әншілері С.Тұрлыбеков, Ж.Шарипов, А.Бауыржанұлы ән орындап, өнерлерін көрсетті.

Шара соңында Н.Иманбаевтың ұлы Мерей Иманбаев жанұясы атынан музей қорына әншінің концерттік костюмі, домбырасы, белдігі, марапатталған төсбелгілері, бейнетаспа, үнтаспа, алғыс хат, грамоталарын өткізді.

Кешке Семей қаласының зиялы қауым өкілдері мен мәдениет саласының өнер адамдары, студенттер қатысып Н.Иманбаевқа арналған көрмені тамашалады.

 

Жаңалықпен бөлісіңіз