«Ахат Шәкәрімұлы. Шығармалары»
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде ұстаз, ақын Ахат Шәкәрімұлының 120 жылдық мерейтойына орай жарық көрген «Ахат Шәкәрімұлы. Шығармалары» академиялық жинағының таныстырылымы өтті. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің ғылыми концепциясының жеті бағытының бірі концептуалды бағыт деп аталады. Осы концептуалды бағыт аясында Абай музейіне тікелей қатысы бар тұлғалардың мұрасын қорда бар деректермен толықтырып шығару және монографиялар мен ғылыми зерттеулер жазу жоспарланған болатын. Бұл...