Жаңалықтар

Шәкір Әбенұлының музейі қайта жасақталды

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, ақын, күйші, сазгер Шәкір Әбенұлының 120 жылдық мерейтойына орай Абай музейіне қарасты Абай ауданы Құндызды елді-мекенінде орналасқан Ш.Әбенұлы музейін қайта жасақтап ашылу салтанатын өткізді. Салтанатты жиынды Абай музейінің директоры Т.Шаңбай алғы сөзімен бастап берді. Әрмен қарай Абай ауданының әкімі Н.Әбдікәрімов пен ақын ұрпағы С.Шәкірқызы жалғастырды. Жалпы Абай шаңырағы адуынды ақын, батагөй ақсақал Шәкір...

Музей қоры тағы бір бейнелеу өнер туындысымен толықты

Бүгін Абай музейінің қорына кейінгі жылдары сирек кездесетін линогравюра техникасымен жасалған сурет сыйға берілді. 1995 жылы салынған «Шілде» деп аталатын суреттің авторы Ақтөбе қаласының тұрғыны, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Абай Құнанбайұлына арналған көптеген сурет графикасын жасаған суретші-график Таймас Телеушев. Ол бейнелеу өнеріне қосқан ерекше үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марпатталған. Құлағы естімейтін әрі сөйлей алмайтын суретшінің бұл туындысын Семей қаласының саңырау-мылқау...

Көкбай Жанатайұлы мұрасы тәуелсіздік танымы аясында

Бүгін Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастырумен Көкбай Жанатайұлының 160 жылдық мерейтойына арналған «Көкбай Жанатайұлы мұрасы тәуелсіздік танымы аясында» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға еліміздің әр өңірінен ғалымдар, мектеп және жоғарғы оқу орындары, музей қызметкерлері және Көкбай Жанатайұлының ұрпағы Амангелді Көкбаев қатысты. Республикалық конференция барысында филология ғылымдарының докторы, профессор А.Еспенбетов «Көкбай-ұлы Абайдың шәкірті», «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры Ж.Әубәкір «Ұлт руханиятындағы Көкбай...

Көкбай Жанатайұлына 160 жыл

Көкбай Жанатайұлының музейі  Абайдың досы, талантты шәкірттерінің бірі, ақын, әнші, композитор Көкбай Жанатайұлының Тақырдағы медресесі 1901 жылы, мешіті 1908 жылы салынған. К.Жанатайұлының мешіт-медресесі 1997 жылы қайта қалпына келтіріліп, көрме экспозициясы ретінде ашылса, 2011 жылы ақынның 150 жылдық мерейтойына орай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Абай қорық-музейінің бөлімі ретінде ашылды. Биылғы жылы Көкбай ақынның туғанына 160 жыл мерейтойына орай жаңарту, жаңғырту жұмыстары жүргізіліп 10 қыркүйек...

Бақтияр Қожахметов біздің музейде

Бүгін Абай музейіне «Ұлы тағзым» қоғамдық қорынан Қазақстанның материалдық емес мұрасы бойынша ЮНЕСКО-ның өкілі Бақтияр Қожахметов арнайы келіп, ЮНЕСКО-ның Ұлттық комиссиясының тапсырмасымен Семей қаласындағы қолөнер шеберлерімен кездесті. Кездесу барысында шеберлер қоғамдық қор ұсынған сауалнамаларды толтырып, пікір алмасты.

Шығыс Қазақстан Өнер музейінің қонақтар

Бүгін Абай музейіне Шығыс Қазақстан Өнер музейінің қызметкерлері арнайы іссапармен келді. Қонақтар музей экспозициясымен танысып, музей қорына "Абай әлемін ашу" эссе жинағын сыйға тартты.

«Ядролық сынақтардан азат әлем» көрмесінің ашылуы өтті

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде 28 шілде күні Семей ядролық полигонның жабылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ядролық сынақтардан азат әлем» мүсіндер көрмесінің ашылу өтті. Көрменің авторы суретші, мүсінші, қолөнер шебері Қ.Аймұханбетов. Көрмеде қолөнер шеберінің жиырмадан астам туындылары ел назарына ұсынылды. Айтулы шараны Абай музейінің директоры, әдебиеттанушы-философ Тұрдықұл Шаңбай ашты. Музей басшысы: «Біздің музей даналықтың музейі. Музей қызметінің басты кредосы хакім Абайдың...

«Ертістің арғы жағы, бергі жағы…»

Ақын Төлеген Жанғалиевтің «Ертістің арғы жағы, бергі жағы...» атты жаңа жыр жинағының тұсауы кесілді. Абайдың қасиетті қара шаңырағында бүгін Шыңғыстаудың төрінен, ұлылардың елінен келген Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, ақын Төлеген Жанғалиевтың «Ертістің арғы жағы, бергі жағы...» атты жаңа жыр жинағының тұсауы кесілді. Былтырғы жылы ақынның 70 жас мерейтойы қауіпті індеттің кесірінен тойланбай қалған...

Күмбезді зал

Музейдің Күмбезді ғимараты ақын Абай Құнанбайұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында салынған. Бас музейдің жаңа ғимараты қаламыздың сәулет өнерінде өзіндік архитектуралық ерекшілігімен өзгешеленеді. Күмбезді ғимаратта қазіргі кезде «Абай. Жыл мезгілдері» залы орналасқан. Музей экспозициясы Абай Құнанбайұлының жыл мезгілдеріне арнап жазылған өлеңдері негізінде жасалған. Экспозиция шаңырақ бейнесінде көрсетілген. Шаңырақ – мемлекеттің негізі, отбасының бейнесі болып табылады. Экспозицияда Абай Құнанбайұлының өлкетану музейіне тапсырған заттары ерекше орын...

«Шәкәрім даналығы» сайысының қорытындысы

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі және Семей қаласының Білім бөлімі ұйымдастырған Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған қашықтан өткізілген «Шәкәрім даналығы» сайысының қорытындысын назарларыңызға ұсынамыз: Сайыс қорытындысы бойынша І-орынды Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия оқушысы Н.Мезібаева ІІ-орынды А.Байтұрсынов атындағы №47 мектеп оқушысы А.Советбекова және №36 мектеп оқушысы С.Шәкіртова ІІІ-орынды №15 мектеп оқушысы Т.Тұрсынқанова, №30 мектеп оқушысы А.Керімханова және Бөкенші мектебінің оқушысы А.Айтқалиева иеленді. Сайыстың...