Жаңалықтар

«Шәкәрім даналығы» сайысының қорытындысы

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі және Семей қаласының Білім бөлімі ұйымдастырған Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған қашықтан өткізілген «Шәкәрім даналығы» сайысының қорытындысын назарларыңызға ұсынамыз: Сайыс қорытындысы бойынша І-орынды Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия оқушысы Н.Мезібаева ІІ-орынды А.Байтұрсынов атындағы №47 мектеп оқушысы А.Советбекова және №36 мектеп оқушысы С.Шәкіртова ІІІ-орынды №15 мектеп оқушысы Т.Тұрсынқанова, №30 мектеп оқушысы А.Керімханова және Бөкенші мектебінің оқушысы А.Айтқалиева иеленді.

Сайыстың қазылар алқасының құрамында Абай қорық-музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева, Білім бөлімінің әдіскері Н.Байсарина және Абай қорық-музейінің аға ғылыми қызметкері Г.Бейсембинова болды.

Жеңімпаздар, диплом мен сыйлықтарыңызды қалалық Білім бөлімінен алуларыңызға болады.

Жаңалықпен бөлісіңіз