«Қазақ руханиятының қарашаңырағы»
Лекция мен кітап көрмесі өтті. Абай музейінің құрылған күніне орай 14 қазан күні Семей қаласындағы жалпы білім беретін №18 мектепте «Қазақ руханиятының қарашаңырағы» тақырыбында кітап көрмесі және лекция ұйымдастырылды. Көрмеге «Абай музейінің кітапханасы» сериясымен жарық көрген баспа өнімдері қойылды. Олар атап айтқанда абайтану, шәкәрімтану, мұхтартану және алаштануға қатысты ғылыми мақалалар, «Абай музейінің Хабаршысы» әдеби-танымдық журналы, «Абай музейінің кітапханасы» сериясымен дайындалған Абай, Шәкәрім,...