Жаңалықтар

«Қазақ руханиятының қарашаңырағы»

Лекция мен кітап көрмесі өтті.

Абай музейінің құрылған күніне орай 14 қазан күні Семей қаласындағы жалпы білім беретін №18 мектепте «Қазақ руханиятының қарашаңырағы» тақырыбында кітап көрмесі және лекция ұйымдастырылды.

Көрмеге «Абай музейінің кітапханасы» сериясымен жарық көрген баспа өнімдері қойылды. Олар атап айтқанда абайтану, шәкәрімтану, мұхтартану және алаштануға қатысты ғылыми мақалалар, «Абай музейінің Хабаршысы» әдеби-танымдық журналы, «Абай музейінің кітапханасы» сериясымен дайындалған Абай, Шәкәрім, Мұхтар, Көкбай, Әсет шығармалары, естеліктер, буклеттер қойылды. Көрмеде музей басылымдары таныстырылды. Олардың қатарында хакім Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында «Абайтану мәселелері» көп томдық сериялық ғылыми жинағы, Ахат Шәкәрім ұлы шығармаларының жинағы, Шәкір Әбенұлы шығармаларының жинағы, және «Көрегенді көсем, парасатты шешен, ел қамқоры – Құнанбай», «Абай музейі – даналық музейі» тақырыбындағы ақпараттық , безендірілген буклеттері бар.

Музей ұйымдастырған кітап көрмесі мен танымдық лекцияға білім алушылар үлкен қызығушылық танытты.

Мектеп оқушыларына музей тарихы жайында танымдық лекция арнайы дайындалған  презентация арқылы ұсынылды.

 

Жаңалықпен бөлісіңіз