Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында 4 маусым – мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық құндылық» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері – Ту, Елтаңба, Әнұраны дүниеге келген күн ретінде тарих бетінде мәңгі есте қалады. Мемлекеттік үш нышанды таңдау үшін 1992 жылдың басында Жоғарғы Кеңес президиумы жұмыс тобын құрып, арнайы шығармашылық комиссия тағайындады. Осыдан кейін бүкіл Қазақстан көлемінде Елтаңба, Ту, Әнұран нұсқаларына конкурс жарияланды. Бір ғана тудың өзіне 600 адамнан 1 200 нұсқа түссе, Елтаңбаның 245 жобасы, әнұранның...




