Абай музейінде Наурыз тойы аталып өтті
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының ұйымдастыруымен 22 наурыз Ұлыстың ұлы әз-Наурыз мерекесіне орай «Наурызнама – береке бастауы» тақырыбында этномәдени-мерекелік шара өтті. Шара аясында қазақ халқының ұлттық ойындары тоғызқұмалақ, арқан тартыс, қол күрес, гір тасын көтеру, асық ату сияқты ойын түрлерінен сайыстар, «Сәруар» ұлттық бағыттағы үйірмелер орталығы мен ақ жаулықты әжелеріміздің Абайға ертегі айтқан Зере әженің ертегісіндей етіп...