Жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жидебайда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жидебайға арнайы келіп, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені мен ақынның музей-үйінде атқарылған жұмыстармен танысты. Мемлекет басшысы атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, мемориалдық кешен мен ақынның музей-үйіне естелікке кітаптар сыйлады. Сондай-ақ, қайта жаңғыртудан өткен «Сапар орталығын» аралап көріп, зияратшыларға қызмет көрсету орнының жұмысын да жоғары бағалады.

Ақынның 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ұлы ойшылдың музейі заман талабына сай өзгеріп, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені аумағы абаттандырылды. Шығыс Қазақстанның киелі жерлері Абайдың туған жері мен Құнанбай әулетінің қорымымен тығыз байланысты. Сондықтан қазақтың бас ақынының 175 жылдығы қарсаңында мұнда ауқымды жұмыстар жүргізілді. Атап айтқанда, ұлы ойшылдың кіндік қаны тамған Сырт Қасқабұлақ пен Құнанбай әулеті жерленген Ақшоқы да абаттандырылды.

Жаңалықпен бөлісіңіз