Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы бастау алды
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған шаралардың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Биыл ойшыл ақынның мерейтойымен қатар хакім мұрасын кең көлемде насихаттап, айшықты тұлғасын танытып келе жатқан қара шаңырақ - Абай музейінің 85 жылдық мерейтойы да қатар аталып өтпек. Осыған орай Абай музейінде мерейтойлардың бастауы ретінде мәдени-танымдық салтанатты шара «Абай әлемдік ойдың алыбы» және «Абай бейнелеу өнерінде» тақырыптарындағы...





