Ұлылар мұрасына адалдық
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы 30 сәуір күні Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, музей ардагері Жүнісова Майкен Қазбекқызының туғанына 75 жыл толуына орай еске алу кешін ұйымдастырды. (далее…)
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы 30 сәуір күні Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, музей ардагері Жүнісова Майкен Қазбекқызының туғанына 75 жыл толуына орай еске алу кешін ұйымдастырды. (далее…)
25 сәуір күні Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік музей - қорығы және Семей қаласының білім бөлімі ұйымдастырған мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Әсемпаз болма әрнеге...» байқауы дәстүрлі түрде тоғызыншы рет өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша келесі тәрбиеленушілер: І - орынды «Erudit kids» балабақшасы – Ешмұхамет Шахислам, ІІ - орынды «Айым» бала бақша-бөбек жайы» – Қымбатқызы Айсана, «Ертөстік» бөбекжайы – Болатқан Мүслім. ІІІ - орынды Аманжолұлы...
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Евгений Сидоркиннің 95 жылдығына орай «Абай әлемі» көрмесі ашылды. Музейдің ғылыми қорында Қазақстан суретшілерінің Абай тақырыбына байланысты 760-тан астам туындылары жинақталған. Солардың ішінде Евгений Сидоркиннің 35 жұмысы сақталған. Евгений Сидоркин 1930 жылы 7 мамырда Ресейдегі Киров облысы, Лебяжье ауылында туған. График-суретші, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық суретшісі. 1951 жылы Қазан қаласының көркемсурет училищесін аяқтап,...
2025 жылдың 18 сәуір күні Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік музей - қорығы және Семей қаласының білім бөлімі аймақтық ХV «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысын өткізді. Аймақтық ХV «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысы білім беру саласында Абай мұрасына, оның әдеби ортасына баса назар аудару және оқу жүйесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Білім сайысы Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік музей - қорығының директоры...
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Абай Құнанбайұлының ұрпақтары мен туыстарының мерейтойына арналған «Сүйер ұлың болса...» атты көрме ашылды. Салтанатты шарада Абай ұрпақтарының өмірі мен шығармашылығы жайлы айтылып, ақын туыстарының ұрпақтары сөз сөйледі. Көрмеге Абай облысының орталығы – Семей қаласының зиялы қауым өкілдері, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері мен студенттер қатысты. Ашылу салтанатынан кейін қонақтарға көрме арнайы таныстырылды. Көрмеде Абайдың ұлы Мағауияға жазған хаты, Мағауияның «Медғат-Қасым»...
Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік музей - қорығы және Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» бірлесіп «Абайдың «Толық адам» концепциясы мектеп бағдарламасында» атты ғылыми - тәжірибелік семинар ұйымдастырды. Семинардың негізгі мақсаты: - «Абайтану» курсының өзектілігі арттырудағы пән мұғалімдерінің әдістемесін жетілдіру; - Оқушылардың «Абайтану» курсы бағдарламасын толық игеруі үшін музей мен оқу орындарының жұмыстарын үйлестіру; - Музейлік педагогиканы жетілдіруде мектеп мұғалімдерімен өзара тәжірибе алмасу; -...
Ұлттық ойындар - халықтың бай мұрасы, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлеріміздің маңызды бір бөлігі. Олар жастардың денсаулығын нығайтып, ұлттық бірегейлікті сақтауға көмектеседі. Осыған орай, Абай музей - қорығында балалардың білім мен тәрбиесіне, сондай - ақ ұлттық мәдениетті насихаттауға бағытталған «Әсемпаз болма әрнеге...» атты бүлдіршіндер алаңында ұйымдастырылды. Шараға Семей қалалық білім бөліміне қарасты № 1 «Арман» бөбекжайының бүлдіршіндері «Ханталапай»,...
Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік тарихи - мәдени және әдеби - мемориалдық музей - қорығында абайтанушы, ұлағатты ұстаз, музей ардагері, шежіреші Бекен Исабайұлының 95 жылдығына арналған «Абайтанудың абызы» атты еске алу кеші және көрмесінің ашылуы өтті. Әдеби кешті Абай музей - қорығының директоры Ұ.Сағадиев алғы сөзімен ашып, «Алаш арыстары - М.Әуезов» музейінің бөлім меңгерушісі Қ.Қиықбай жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама жасады. Абай ауданының Қоғамдық кеңестің төрағасы Т.Аманғазин, профессор, тарих ғылымдарының кандидаты М.Кәрімов,...
15 наурыз – «Қайырымдылық күніне» сәйкес Кәмен Оразалиннің музей-үйі «Қайырымдылық – адамгершілік белгісі» атты рухани-танымдық шара өткізді. Аталған шараға Қарауыл ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы Ш.Несіпбаев бастаған ел ағалары, аяулы аналар және «Абай ұлағаты» ардагерлер қоғамдық ұйымының өкілдері қатысты. Музей меңгерушісі Е.Оразалы «Жыл басы – Наурыз» мейрамына орай он күндік «Наурызнама» атаулы күндер шарасының бірі – «Қайырымдылық күні» негізінде ұйымдастырылып отырғанын, оның...
Жыл басы - Наурыз мерекесінің қарсаңында 14 наурыз - Көрісу күні мен «Елден сәлем!» фестивалі аясында аудандар арасындағы рухани және мәдени байланыстарды нығайту мақсатында Абай облысының мәслихат депутаты Ж.Оразғалиев, Ақсуат аудандық мәслихатының хатшысы Қ.Қасенов, Ақсуат ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғ.Айтқалиев, елден шыққан белгілі кәсіпкер Е.Нұрланов және өнертанушы, ҚР Мәдениет қайраткері С.Малаев Кәмен Оразалиннің музей-үйінде болды. Құрметті қонақтарды жазушы музейіне Абай...