«Адамзаттың Абайы» көрмесі Қызылорда қаласында
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырған «Адамзаттың Абайы» жылжымалы көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеде А.Құнанбайұлының 1885 жылы досы Н.Долгополов арқылы Семей қаласындағы өлкетану музейіне тапсырған заттары: «Тұмар» домбырасы, сыбызғы, торсық, ағаш құты, піспек, 1909 жылы жарыққа шыққан Абай Құнанбайұлы шығармаларының алғашқы жинағы, Отан соғысына қатысқан Абай ұрпақтарының хаттары көрермен назарына ұсынылып таныстырылды....