Жаңалықтар

Абай музейінің көрмелері қала мектептерінде

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ғылыми қызметкерлері «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында қаламыздағы №13 мектеп ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Абай, Шәкәрім, М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына арналған дәріс оқылып, «Абай жолы – Алашты паш еткен әлемге» тақырыбындағы жылжымалы көрме таныстырылды. Ел болашағына баланған жас өрендер ойларында жүрген сұрақтарына жауап алып, үш алыптың халқына қызмет еткен қайраткерлік істерін көңілдеріне қондырды. Сондай-ақ, мектеп оқушылары...