Жаңалықтар

Тылсым сырына үңілген «Терме» көрмесі

Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойы аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Қазақстан Суретшілер Одағының Семей қаласы бойынша төрағасы, суретші Төлеуғазы Жұбанышевтың «Терме» көрмесінің ашылуы өтті.

ҚР Суретшілер одағының және ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, қыл қаламның сырына үңілген суретші Т.Жұбанышев еліміздің рухани ордасы Абай музейімен шығармашылық байланыста етене жақын жұмыс атқарып, музей ұйымдастыратын суретшілер симпозиумдеріне белсене қатысып келеді.

Суретшінің музей қорында «Көкбай ақын» портреті, «Бөрілі» және тағы басқа киелі Шыңғыстау даласының табиғат көріністері кестеленген картиналары сақталған.

Абай музейі ұйымдастырып отырған «Терме» тақырыбындағы сурет көрмесінің ашылуына Семей қаласының зиялы қауым өкілдері мен суретшілер және студенттер қатысып, ерекше өнер иесінің еңбектерімен жақын танысуға мүмкіндік алып, кескіндеме және графика туындыларынан құралған отыздан астам шығарманы тамашалады.

 

Жаңалықпен бөлісіңіз