Жаңалықтар

ҚР Мәдениет және спорт министрі Абай музейінде

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Семейге жұмыс сапары барысында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының Бас музей экспозициясымен танысып, сол жерде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Азаматтарды қабылдау кезінде спорт секцияларын жан басына қаржыландыру, мәдениет саласындағы техникалық қызметкерлердің жалақысын арттыру, тарихи объектілердің ғылыми-реставрациялық жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ гид-экскурсоводтарды даярлау мәселелері қозғалды.

Министр азаматтардың барлық өтініштері бойынша толық түсініктемелер беріліп, оларды шешуге қажетті көмек көрсетілетінін атап өтті.

Айта кету керек, биылғы жылдың сәуір айының басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлыққа қол қойған болатын.

Жаңалықпен бөлісіңіз