Жаңалықтар

Шәкір Әбенұлының музейі қайта жасақталды

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, ақын, күйші, сазгер Шәкір Әбенұлының 120 жылдық мерейтойына орай Абай музейіне қарасты Абай ауданы Құндызды елді-мекенінде орналасқан Ш.Әбенұлы музейін қайта жасақтап ашылу салтанатын өткізді.

Салтанатты жиынды Абай музейінің директоры Т.Шаңбай алғы сөзімен бастап берді. Әрмен қарай Абай ауданының әкімі Н.Әбдікәрімов пен ақын ұрпағы С.Шәкірқызы жалғастырды.

Жалпы Абай шаңырағы адуынды ақын, батагөй ақсақал Шәкір Әбенұлының қалдырған мол мұрасы мен қайраткерлігіне бас ие отырып ұлысқа ортақ ақынын кең көлемде таныстырып келеді. Оның бір мысалы, осы жылы Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы ҚР Ұлттық музейінде  Шәкір ақсақалға арнап «Шыңғыстаудың бір шыңы» көрмесі ашылып, дөңгелек үстел өттi. Сонымен қатар сол салтанатты жиында «Шәкір Әбенұлы шығармалары» ІІ томдық кітабының тұсаукесер рәсімі өткізілді.

Музей көпшіліктің игілігі үшін қызмет атқарады.

Жаңалықпен бөлісіңіз