Жаңалықтар

Ақылбай Абайұлына 160 жыл

 

Ақын, әнші. Абайдың ақындық мектебінің өкілі

Ақылбай Абайдың Ділдәдан туған тұңғыш баласы. Ол Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғанымның қолында өседі. Он жасқа шыққан кезінде Ақылбайды Ғабитхан деген татар молдаға оқуға береді, онда 4-5 жыл оқиды.

 

 

Ақылбай талантты домбырашы болады, ән айтуды,

 

өлең шығаруды машық етеді. Оның жастық, махаббат тақырыбына жазған көптеген өлеңдері болған.

1895 жылы Әбдірахман өліміне жазған жоқтау өлеңі, кейін 1904 жылы інісі Мағауияның қайтыс болуына шығарған жоқтауы да сақталған.

 

Ақылбайды талантты ақын етіп танытқан оның белгілі поэмалары «Дағыстан» («Қисса-Жүсіп»), «Зұлыс», «Жаррах батыр». Бұл шығармаларының ішінен бізге толық же

 

ткені тек «Дағыстан» ғана. «Зұлыс» поэмасының басы сақталса, «Жаррах батыр» түгелдей жоғалып кеткен.

Ақылбай Абайұлы 1904 жылы Семей қаласында қайтыс болады, оның бейіті өз қыстауы – Тышқан бұлағының басында.

Жаңалықпен бөлісіңіз