Жаңалықтар

Абай музейінің көрмелері қала мектептерінде

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ғылыми қызметкерлері «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында қаламыздағы №13 мектеп ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында Абай, Шәкәрім, М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына арналған дәріс оқылып, «Абай жолы – Алашты паш еткен әлемге» тақырыбындағы жылжымалы көрме таныстырылды.

Ел болашағына баланған жас өрендер ойларында жүрген сұрақтарына жауап алып, үш алыптың халқына қызмет еткен қайраткерлік істерін көңілдеріне қондырды. Сондай-ақ, мектеп оқушылары Хакім Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін үш тілде жатқа оқып, өз өнерлерін ортаға салды.

Жиын соңында мектеп директоры барша ұстаздар мен оқушылар атынан музей қызметкерлеріне алғысын білдіріп, шығармашылық байланысты одан әрі дамытуға ұсыныс білдірді.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінің баспасөз қызмет.

Жаңалықпен бөлісіңіз