«Абайдың ұшып түскен ұшқынымын»
1 наурыз күні Кәмен Оразалиннің музей-үйінде – халық ақыны, батагөй-абыз Шәкір Әбенұлының туған күніне арналған «Абайдың ұшып түскен ұшқынымын» атты әдеби-танымдық шара өтті. Аталған шараға құрметті қонақ, ақынның ұрпағы, асылдың тұяғы, ардагер ұстаз Сана Шәкірқызы шақырылды. Сонымен қатар шараға ҚР «Мәдениет қайраткері», «Абай ауданының құрметі азаматы» С.Нұрпейісов, Ш.Әбенов музей-үйінің меңгерушісі Ж.Алимбекова және музей қызметкері Л.Тілегенова, Қарауыл гимназиясының 6 сынып оқушылары, жетекшісі...