Жаңалықтар

«АЛАШҚА ДАҢҚЫ ШЫҚҚАН ЕР ҚҰНАНБАЙ» КӨРМЕСІ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 18-мамыр халықаралық музейлер күніне орай қазақ тарихында елеулі із қалдырған көрнекті тарихи тұлға, аға сұлтан, би, қоғам қайраткері Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығына арналған «Алашқа даңқы шыққан Ер Құнанбай» көрмесінің таныстырылымы өтті.

Көрменің ашылуында Абай ауданының «Қаламқас» ән-би ансамблінің дәстүрлі әншісі, Мәдениет саласының үздігі Қ.Байдошов ақын Т.Жанғалиевтің сөзіне жазылған, К.Назарбектің «Құнанбай» әнін орындады.

Көрмеге Семей қаласының зиялы қауым өкілдері және мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, оқу орындарының студенттері мен оқытушылары, қатысып, архив деректерімен танысты.

 

 

 

Жаңалықпен бөлісіңіз