Жаңалықтар

Аймақтық ХІV «Абайды оқы, таңырқа…» білім сайысы өткізілді

2024 жылдың 24 сәуір күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы және Семей қаласының білім бөлімі аймақтық ХІV «Абайды оқы, таңырқа…» білім сайысын өткізді.

Аймақтық ХІV «Абайды оқы, таңырқа…» білім сайысы білім беру саласында Абай мұрасына, оның әдеби ортасына баса назар аудару және оқу жүйесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Байқаудың қазылар алқасының құрамында Абай музей-қорығы  директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары  М.Қайрамбаева,  Т.Аманов атындағы №16 жалпы орта білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, «Абайтану» оқулығының авторы Г.Құнафина, Абай музей-қорығының бас қор сақтаушысы М.Абламбаева болды.

Жалпы сайыстың қорытындысы бойынша:

Бірінші орынды №44 мектеп оқушысы А.Баяхметова, екінші орынды №45 мектеп оқушысы А.Балаханова және Шәкәрім атындағы ҮТО көпбейінді мектеп гимназиясының оқушысы Т.Сайлаубаева, үшінші орынды №15 мектеп оқушысы Д.Биқатаева, №42 мектеп оқушысы А.Балаханова және Түрксіб мектебінің оқушысы Е.Дәулетханов иеленді. №31 мектеп оқушысы Е.Сағимоллаева алғыс хатпен марапатталды.

Сайыс жеңімпаздары, ұстаздары арнайы дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жаңалықпен бөлісіңіз