Жаңалықтар

«Ғасырлар ізімен» атты көрме

Абайдың мемлекеттік музей-қорығында 19 сәуір күні суретші, қолөнер шебері, Еуразиялық дизайнерлер одағының мүшесі, Қазақ Ұлттық дизайн академиясының академигі Сәкен Назарханұлы «Ғасырлар ізімен» атты жеке көрмесі ұйымдастырылды. Көне дәстүрді жалғастырып келе жатқан Сәкен Назарханның шығармашылық жұмыстары әрқилы. Оның шығармашылығында ағаш, металл, күміс, былғары және сүйек материалдарынан ұлттық стильдегі жиһаздар, ыдыс-аяқ, қару-жарақтар, музыкалық аспаптар тағы басқа жиырмадан аса жұмыстары көрмеде кең орын алған. Сонымен қатар көрмеде шебердің фотосуреттері, алған марапаттары, төс белгілері қойылған. Көрме 15 мамырға дейін тұрады

 

Жаңалықпен бөлісіңіз