Жаңалықтар

XІІІ Көкбай оқулары

2024 жылдың 18 сәуір күні Көкбай ауылының мәдениет үйінде Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы және Абай ауданының білім бөлімі бірлесе Абайдың талантты шәкірті, әрі адал досы Көкбай Жанатайұлының шығармашылығына арналған дәстүрлі XІІІ Көкбай оқуларын ұйымдастырды. Шараға Ресей Федерациясының Омбы қаласынан арнайы келген Көкбай ақынның немересі А.Көкбаев қатысты. Байқаудың мақсаты: Көкбай ақынның өмірі мен шығармашылық жолын насихаттау, әдеби мұрасын жасөспірімдер арасында терең білуге ынталандыру. Оқушылар байқауға үш номинация бойынша қатысты. Шараға үлкен дайындықпен келген қатысушылар, Көкбай ақынның шығармаларын жатқа оқып, өз білімдері мен өнерлерін көрсетті.

Жалпы XІІІ Көкбай оқуларының қорытындысы бойынша:

1-бөлім. «Көл-көсір өлеңдеткен Көкбай ақын»

І орын Көкбай атындағы орта мектебінің 8сынып оқушысы Кәусар Қари;

ІІ орын Ш.Тоқжігітов атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Әдемі Болатқазықызы;

ІІІ орын Қарауыл гимназиясының 6 сынып оқушысы Балым Шомақова;

ІІІорын Жалпы орта білім беретін мектебінің 6 сынып оқушысы Нәзік Қуанышева иеленді.

2-бөлім. «Жыр эстафетасы».   Ақынның  поэмаларын жатқа айту арқылы өзара сынға түсті.

Бас жүлде Көкбай атындағы орта мектебінің  9  сынып оқушысы Ақберен Советова иеленді;

І орын С.Бекбосынов атындағы орта мектебінің  10 сынып оқушысы Шырай Жанатбекова;

ІІ орын Мамай атындағы негізгі орта мектебінің 8  сынып оқушысы Арафат Нұрмұханбет;

ІІІ орынды Ш.Әбенов атындағы орта мектебінің 9  сыныбының оқушысы Толғанай Сапарғалиева иеленді.

3-бөлім. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін…» оқушылардың өз шығармашылығы, ақындық өнер бойынша:

І орын Қарауыл гимназиясының 8 сынып оқушысы Данияр Мейрамбеков;

ІІ орын Шәкерім атындағы орта мектебінің 5 сынып оқушысы Сезім Болатқызы;

ІІІ орын жалпы орта білім беретін мектептің 9 сынып оқушысы Ақгүл Жарылқасынова;

ІІІ орын Көкбай атындағы  орта мектебінің  11 сынып оқушысы Бекжан Боранбаев иеленді.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының қызметкерлері де байқаудың жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіп атсалысты.

Байқаудың барлық қатысушылары мен жеңімпаздарына Омбы қаласынан келген Көкбай атамыздың немересі Амангелді Ахметқалиұлы демеушілік жасап, сыйлықтар табыстаса аудан білім бөлімінің тарапынан алғыс хат пен мақтау қағаздары берілді.

Жаңалықпен бөлісіңіз