Ресей және Өзбекстан музейлерімен жаңа ынтымақтастық
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы Бердах атындағы қарақалпақ әдебиетінің тарихы мемлекеттік музейімен және А.С.Пушкиннің «Михайловское» мемлекеттік тарихи-әдеби мемориалдық және табиғи-ландшафтық музей-қорығымен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Меморандум аясында өзара музей қорын толықтыру, ғылыми және әдістемелік конференция мен семнар, көрмелер өткізуді жоспарланып, бірлескен ғылыми зерттеулер мен жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды.