Жаңалықтар

«МҰҢ» романы Абай музейінде таныстырылды

«МҰҢ» РОМАНЫ АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында академик, ойшыл, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ғарифолла Есімнің 75 жасқа толуына орай дөңгелек үстел және «Мұң» романының таныстырылымы өтті. Салтанатты шара барысында «Ғибратты ғұмыр» көрмесі де қонақтар назарына ұсынылды.

Шараны Абай музейінің директоры Т.Шаңбай Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың құттықтау хатымен бастады. Дөңгелек үстелге қатысушы қаланың зиялы қауым өкілдері жазушыға ізгі тілектерін жеткізсе, Ә.Қашаубаев атындағы облыстық филармония әншісі А.Әбілқасымова әсем әнмен мерекелік шараның көркін келтірді.

Шара соңында музей басшысы Т.Шаңбай мерейтой иесі Ғарифолла Есімге салтанатты түрде «Абай» медалін табыстап, иығына шапан жауып, алғыс хатпен құрмет білдірді.

Жазушы өз тарапынан музей ұжымына ризашылығын жеткізіп, барлық қатысушыларға өз кітабын қолтаңбасымен сыйға тартты.

Жаңалықпен бөлісіңіз