Жаңалықтар

Ғылыми-тәжірибелік семинар «Абайтану мектеп бағдарламасында»

Ғылыми-тәжірибелік семинар «Абайтану мектеп бағдарламасында»

29 сәуір күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы және Семей қаласының Білім бөлімі мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында «Абайтану мектеп бағдарламасында» атты ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырды.

Семинардың негізгі мақсаты:

  • Абайтану курсының өзектілігі;
  • Оқушылардың білім беру бағдарламасын толық игеру мақсатындағы музей мен оқу орындарының жұмыстарын үйлестіру;
  • Музейдің ғылыми-насихат жұмыстарын білім беру жүйесіне жақындату;
  • Музей мен білім беру мекемелерінің арасындағы тарихи-мәдени, ғылыми ынтымақтастық орнату, білім беру мекемелері ұстаздарымен жұмыс жасау.

Семинар Абай музейінің директоры, ф.ғ.к. Т.Шаңбай және білім бөлімінің әдіскері Н.Байсаринаның алғы сөздерімен ашылды.

Семинар барысында абайтану мәселелеріне байланысты әр түрлі тақырыптарда баяндамалар оқылып, мектеп ұстаздары өз ойларын ортаға салды.

Іс-шара соңында ғылыми-тәжірибелік семинарда баяндама жасаған ұстаздар арнайы алғыс хаттармен марапатталды.

Жаңалықпен бөлісіңіз