Жаңалықтар

«Қобыз құт» мәдени-танымдық шарасы

«ҚОБЫЗ ҚҰТ» МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ ШАРАСЫ

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, қобызшы, ұстаз, дирижер, күйші, композитор Сейітқазы Оразғали Жүнісбекұлына арналған «Қобыз құт» тақырыбында мәдени-танымдық шара өтті.

Салтанатты кешке М.Төлебаев атындағы музыкалық училищесінің директоры С.Ахметов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР білім саласының үздігі, О.Сейітқазының шәкірті С.Малаев, Шәкәрім университеті «Өнер және музыка» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Б.Бодауова, О.Сейітқазының бірге оқыған курстасы Т.Мырзағалиева және т.б. қаламыздың зиялы қауым өкілдері мен өнер майталмандары қатысты.

Шара барысында О.Сейітқазы тұрғысында естеліктер мен ұстаздық жолында атқарған ерен еңбектерінен сыр шертіліп, шәкірттері сөз сөйледі. Сондай-ақ, Қорқыттан мұра болып жеткен қобызшылық қырын сан тараудан ашуға тырысқан музей ұжымы сол мақсаттың үдесінен табылды. Мәдени-танымдық шара соңында О.Сейітқазының зайыбы Сәуле ханым қорытынды сөз сөйлеп, кешті ұйымдастырған Абай музейінің басшылығы мен қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Жаңалықпен бөлісіңіз