Yearly Archives - 2019

Абайтану дәрістері

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі Семей қаласының Білім бөлімімен бірлесе отырып мектеп ұстаздарына арналған «Абайтану дәрістері» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Аталған шараға қала және қала маңындағы мектеп мұғалімдері қатысты. Семинар барысында әр түрлі абайтану тақырыбындағы қордаланған мәселелер көтеріліп, сұрақ-жауап алынып ұстаздар қауымы өз ойларымен бөлісті. Оқушылардың білім беру бағдарламасын толық игеру мақсатындағы музей мен оқу орындарының жұмыстарын толық үйлестіру, музейдің ғылыми-насихат жұмыстарын білім...

Абай музейінің достары

ТЫНЫШТЫҚБЕК ӘБДІКӘКІМҰЛЫ. Ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1990-1993 жылдары аралығындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ғылыми қызметкері. Мемлекеттік Абай қорық-музейінің «Абай» медалімен марапатталған. Қазақ поэзиясына алғашқы тұсаукесер топтамасымен-ақ өлең сүйер қауымды елең еткізе келген Абай елінің тумасы. Ел ертеңі, жер тағдыры тақырыбын жаңаша жырлаумен ерекшеленеді. Ақындық көру аясы кең, дүние-құбылысты қабылдауында да ешкімге ұқсамайтын даралық бар. «Ақшам хаттары», «Ырауан», «Алқоңыр дүние», «Бесінші маусым жұпары»...

Абай мен Толстойдың шаңырағы меморандумға қол қойды

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі мен Л.Н.Толстойдың «Ясная-Поляна» мемлекеттік музей-усадьбасы қос тараптан шығармашылық ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Бұдан бұрында шығармашылық байланыста болып келген музейлердің болашақтағы шаралар жоспары айқындалған. Атап өтетін болсақ, үстіміздегі 2019 жылы Л.Н.Толстойдың «Ясная Поляна» мемлекеттік музей-усадьбасы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне көрме әкеледі. Ал, 2020 жылы қос тарап әлем классиктерінің мұрасын сақтау мен насихаттау мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми конференция өткізуді...