Жаңалықтар

Заңғар  жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Әуезов әлемі» атты салтанатты шара

Заңғар  жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған шара Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалы драма театрында «Әуезов әлемі» атты салтанатты кешпен тәмамдалды. Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.

Дәурен Абаев құттықтау сөзінде Абай, Шәкәрім және Мұхтар Әуезов сияқты ұлы ақындар мен жазушылардың қасиетті Семей жерінде дүниеге келгенін ерекше атап өтті.

«Бүгінгі іс-шараны Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығын мерекелеудің бастамасы деп санауға болады. Мерейтой аясында төрт бағыт бойынша барлығы 82 іс-шара өткізіледі. Олар ұлы жазушының мәдени мұрасын сақтауға және оны халық арасында насихаттауға бағытталған», — деді министр.

Жазушының мерейтойы Семей жерінен бастау алса, өңірлік деңгейде мерейтойлық датаға орай барлығы 500-ден астам мерекелік іс-шара өткізу жоспарлануда.

Жаңалықпен бөлісіңіз