Жаңалықтар

Қайым естеліктерінен

ҚАЙЫМ ЕСТЕЛІКТЕРІНЕН

– Мұхтар екеуіміз идеямызды қорғай алдық. Әріптестеріміздің, дос болғандарымыздың көбі сатылып, жалақорға айналды. Олар Мұхтардың отыз жыл бойғы еңбегін жоққа шығаруға тыраштанды; мені Әуезовтің құйыршығы деді; Шәкәрімді қарақшы деді. Тағдыр бізді төкпештеді, бірақ жасыта алмады. Мені қойшы… Абай, Мұхтар, алашордалықтар әділетсіздік тауқыметін көп тартты. Әсіресе Мұхтар пәлеқор-жалақор тобырмен өмір бойы дерлік алысты-жұлысты… Иә, біз ғылыми идеямыздан ауытқымадық. Уақыт – төреші деген рас. Ол бәрін де өз орнына қойды. Біздің идеямызды бүгінде ұлтымыз қуаттап, мақтаныш етіп отыр.

Қайым Мұхамедханов

Жаңалықпен бөлісіңіз