Жаңалықтар

Күмбезді зал

Музейдің Күмбезді ғимараты ақын Абай Құнанбайұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында салынған. Бас музейдің жаңа ғимараты қаламыздың сәулет өнерінде өзіндік архитектуралық ерекшілігімен өзгешеленеді.

Күмбезді ғимаратта қазіргі кезде «Абай. Жыл мезгілдері» залы орналасқан. Музей экспозициясы Абай Құнанбайұлының жыл мезгілдеріне арнап жазылған өлеңдері негізінде жасалған.

Экспозиция шаңырақ бейнесінде көрсетілген. Шаңырақ – мемлекеттің негізі, отбасының бейнесі болып табылады.

Экспозицияда Абай Құнанбайұлының өлкетану музейіне тапсырған заттары ерекше орын алады.

Күнделікті ғимараттың өзін және онда жасалынған экспозицияны тамашалауға еліміздің барлық жерлерінен, тіпті сырт елдерден көптеген көрермендер келіп тұрады.

Жаңалықпен бөлісіңіз