Жаңалықтар

Музей қоры тағы бір бейнелеу өнер туындысымен толықты

Бүгін Абай музейінің қорына кейінгі жылдары сирек кездесетін линогравюра техникасымен жасалған сурет сыйға берілді.

1995 жылы салынған «Шілде» деп аталатын суреттің авторы Ақтөбе қаласының тұрғыны, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Абай Құнанбайұлына арналған көптеген сурет графикасын жасаған суретші-график Таймас Телеушев. Ол бейнелеу өнеріне қосқан ерекше үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марпатталған.

Құлағы естімейтін әрі сөйлей алмайтын суретшінің бұл туындысын Семей қаласының саңырау-мылқау азаматтарына арналған клубтың төрайымы Ардақ Омар әкеліп тапсырды.

Таймас Ниязбекұлына шығармашылық табыс тілейміз

Жаңалықпен бөлісіңіз