Жаңалықтар

Әскери атташелер Абай музейінде

Әскери атташелер Абай музейінде

ҚР Қорғаныс министрлігінің жоспары бойынша Абай музейіне Қазақстан Республикасында аккредиттелген әскери атташелер келді. Олардың қатарында Еуропа елдері, АҚШ, Канада, Түркия, Әзірбайжан, Жапония, Пәкістан, Корея, Моңғолия елдерінің өкілдері болды.Сапардың мақсаты – Семей қаласының көрікті жерлерімен, әскери-өнеркәсіптік кешендерімен және әскери бөлімдерімен танысу.

Мәртебелі қонақтарға бас музейдің жаңа экспозициялары таныстырылды. Экскурсия барысында өкілдер Абай Құнанбайұлының өлеңдерінің, қарасөздерінің, әндерінің орны ерекше екеніне тоқталды.

Барынша жан-жақты мәлімет алған әскери атташелер ізгі тілектерін қалдырып, музей ұжымына алғысын білдірді.

 

Жаңалықпен бөлісіңіз