Жаңалықтар

Абай мұрасы күндері Өзбекстанда

АБАЙ МҰРАСЫ КҮНДЕРІ ӨЗБЕКСТАНДА

Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында Абай Құнанбайұлы мұрасы күндері Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алды.

Салтанатты шара барысында Өзбекстан Республикасының Премьер-министр орынбасары Азиз Абдухакимов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, Өзбекстандағы Қазақстан Республикасының елшісі Бейбіт Атамқұлов өз лебіздерін білдірді.

Сонымен қатар Абай мұрасы күндері аясында республика бойынша ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған шығармашылық кеш, музыкалық кеш, лекция, ғылыми-тәжірибелік семинар, ғылыми конференция және мәдени кештер де жоспарланған.

Жаңалықпен бөлісіңіз