Жаңалықтар

«Отты күндер ер есінде, жеңіс күні ел есінде» тақырыбында аудандық тыл ардагерлерінің қатысуымен мәдени шара ұйымдастырылды

Ұлы Жеңіске 80 жыл. Әсет музейінде осы орайда «Отты күндер ер есінде, жеңіс күні ел есінде» тақырыбында аудандық тыл ардагерлерінің қатысуымен мәдени шара ұйымдастырылды. Шарада ардагерлер құрметіне оқушылар тарапынан өлең оқылып, ән айтылды. Шара барысында ардагерлер соғыс жылдарында басынан өткерген қилы оқиғалары мен есінде қалған сырлы тарихи естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар «Музейдегі жауынгер» тақырыбында Әсет ақынның ұрпағы Қожекеге тиесілі жеке заттарынан көрме...

Отан үшін от кешкен Абай ұрпақтары» Мәдени танымдық шара

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы 5 мамыр күні Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Отан үшін от кешкен Абай ұрпақтары» атты мәдени танымдық шара ұйымдастырды. Кеш тақырыбының өзегі – Ұлы Отан соғысына қатысқан Абай Құнанбайұлының ұрпақтары. (далее…)

«Шыншыл бол, шықпа жолдан, шыдамды бол…»

Бүгін музейімізде Әсет ақынның есімі балабақша бүлдіршіндері арасында ұлықталды. Аудандық балабақша бүлдіршіндеріне арналған «Шыншыл бол, шықпа жолдан, шыдамды бол...» тақырыбында Әсет оқуларының сайысы өтті. (далее…)

Ұлылар мұрасына адалдық

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы 30 сәуір күні Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, музей ардагері Жүнісова Майкен Қазбекқызының туғанына 75 жыл толуына орай еске алу кешін ұйымдастырды. (далее…)

ІХ «Әсемпаз болма әрнеге…» Бүлдіршіндерге арналған байқау өтті

25 сәуір күні Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік музей - қорығы және Семей қаласының білім бөлімі ұйымдастырған мектеп жасына дейінгі балалар арасында «Әсемпаз болма әрнеге...» байқауы дәстүрлі түрде тоғызыншы рет өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша келесі тәрбиеленушілер: І - орынды «Erudit kids» балабақшасы – Ешмұхамет Шахислам, ІІ - орынды «Айым» бала бақша-бөбек жайы» – Қымбатқызы Айсана, «Ертөстік» бөбекжайы – Болатқан Мүслім. ІІІ - орынды Аманжолұлы...

Евгений Сидоркиннің 95 жылдығына орай «Абай әлемі» көрмесі

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Евгений Сидоркиннің 95 жылдығына орай «Абай әлемі» көрмесі ашылды. Музейдің ғылыми қорында Қазақстан суретшілерінің Абай тақырыбына байланысты 760-тан астам туындылары жинақталған. Солардың ішінде Евгений Сидоркиннің 35 жұмысы сақталған. Евгений Сидоркин 1930 жылы 7 мамырда Ресейдегі Киров облысы, Лебяжье ауылында туған. График-суретші, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық суретшісі. 1951 жылы Қазан қаласының көркемсурет училищесін аяқтап,...

ХV «Абайды оқы, таңырқа…» Білім сайысы өткізілді

2025 жылдың 18 сәуір күні Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік музей - қорығы және Семей қаласының білім бөлімі аймақтық ХV «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысын өткізді. Аймақтық ХV «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысы білім беру саласында Абай мұрасына, оның әдеби ортасына баса назар аудару және оқу жүйесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Білім сайысы Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік музей - қорығының директоры...

Абай Құнанбайұлының ұрпақтары мен туыстарының мерейтойына арналған «Сүйер ұлың болса…» атты көрме

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Абай Құнанбайұлының ұрпақтары мен туыстарының мерейтойына арналған «Сүйер ұлың болса...» атты көрме ашылды. Салтанатты шарада Абай ұрпақтарының өмірі мен шығармашылығы жайлы айтылып, ақын туыстарының ұрпақтары сөз сөйледі. Көрмеге Абай облысының орталығы – Семей қаласының зиялы қауым өкілдері, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері мен студенттер қатысты. Ашылу салтанатынан кейін қонақтарға көрме арнайы таныстырылды. Көрмеде Абайдың ұлы Мағауияға жазған хаты, Мағауияның «Медғат-Қасым»...

«Абайдың «Толық адам» концепциясы мектеп бағдарламасында» ғылыми — тәжірибелік семинар

Абайдың «Жидебай - Бөрілі» мемлекеттік музей - қорығы және Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» бірлесіп «Абайдың «Толық адам» концепциясы мектеп бағдарламасында» атты ғылыми - тәжірибелік семинар ұйымдастырды. Семинардың негізгі мақсаты: - «Абайтану» курсының өзектілігі арттырудағы пән мұғалімдерінің әдістемесін жетілдіру; - Оқушылардың «Абайтану» курсы бағдарламасын толық игеруі үшін музей мен оқу орындарының жұмыстарын үйлестіру; - Музейлік педагогиканы жетілдіруде мектеп мұғалімдерімен өзара тәжірибе алмасу; -...

Ұлттық ойындар

Ұлттық ойындар - халықтың бай мұрасы, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып келе жатқан дәстүрлеріміздің маңызды бір бөлігі. Олар жастардың денсаулығын нығайтып, ұлттық бірегейлікті сақтауға көмектеседі. Осыған орай, Абай музей - қорығында балалардың білім мен тәрбиесіне, сондай - ақ ұлттық мәдениетті насихаттауға бағытталған «Әсемпаз болма әрнеге...» атты бүлдіршіндер алаңында ұйымдастырылды. Шараға Семей қалалық білім бөліміне қарасты № 1 «Арман» бөбекжайының бүлдіршіндері «Ханталапай»,...