Абай музейінің достары
ТЫНЫШТЫҚБЕК ӘБДІКӘКІМҰЛЫ. Ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1990-1993 жылдары аралығындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ғылыми қызметкері. Мемлекеттік Абай қорық-музейінің «Абай» медалімен марапатталған. Қазақ поэзиясына алғашқы тұсаукесер топтамасымен-ақ өлең сүйер қауымды елең еткізе келген Абай елінің тумасы. Ел ертеңі, жер тағдыры тақырыбын жаңаша жырлаумен ерекшеленеді. Ақындық көру аясы кең, дүние-құбылысты қабылдауында да ешкімге ұқсамайтын даралық бар. «Ақшам хаттары», «Ырауан», «Алқоңыр дүние», «Бесінші маусым жұпары»...