Евгений Сидоркиннің 95 жылдығына орай «Абай әлемі» көрмесі
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Евгений Сидоркиннің 95 жылдығына орай «Абай әлемі» көрмесі ашылды. Музейдің ғылыми қорында Қазақстан суретшілерінің Абай тақырыбына байланысты 760-тан астам туындылары жинақталған. Солардың ішінде Евгений Сидоркиннің 35 жұмысы сақталған. Евгений Сидоркин 1930 жылы 7 мамырда Ресейдегі Киров облысы, Лебяжье ауылында туған. График-суретші, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық суретшісі. 1951 жылы Қазан қаласының көркемсурет училищесін аяқтап,...




