Адалдық алаңы

ӘДІЛДІК ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК – КӘСІБИ МӘДЕНИЕТТІҢ ТІРЕГІ

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша кездесу өтті.

Кездесуге ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Абай облысы бойынша департаментінің басшысы Р.Шарипов және М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің директоры, облыстық мәслихат депутаты Ш.Жанаева, Абай музейінің директоры Ұ.Сағадиев және Абай облыстық музей қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері жан-жақты талқыланды. «Заң және тәртіп» идеологиясы аясында іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына төзбеушілік таныту және қызметкерлердің қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырудың маңыздылығы атап өтілді.

Сонымен қатар, мүдделер қақтығысының алдын алу, қызметтік өкілеттіктерді жеке мақсатта пайдалануға жол бермеу, адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстану қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, ашықтық пен жариялылықты қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда әділ шешім қабылдау мәселелері де көтерілді.

Бұдан бөлек, отбасылық құндылықтар мен ұлттық салт-дәстүрді құрметтеу, жастар арасында адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын насихаттау, ұжымда кәсіби этика мен өзара сыйластықты дамыту бағытында ұсыныстар айтылды.

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 18.11.2025 №410-V Заңына және «Сыбайлас жем қорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2022.12.30 №488 бұйрығына сәйкес «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі» РМҚК 2024 жылдың 2 желтоқсанынан бастап 2024 жылға сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталатындығы туралы хабарлайды.

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының іске асырылуын қамтамасыз ету барысында және «Адалдық алаңы» жобасының жұмысын ұйымдастыру мақсатында «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық-музейі» РМҚК директоры Т.Шаңбайдың 2021 жылдың 8 қаңтарындағы № 10-н/қ бұйрығымен «Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөнінде халыққа кеңес беру мақсатында азаматтарды қабылдау үшін құрылған комиссия құрамы:

  • М.С.Қайрамбаева – комиссия төрағасы
  • Ж.С.Байгаскина  – комиссия мүшесі, жауапты өкілі
  • Қанатұлы Арман – комиссия мүшесі
  • Г.Б.Қайырханова – комиссия мүшесі

«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық-музейі» — «Адалдық алаңы» жобасы шеңберінде құрылған комиссия сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруды және қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету,  келіп түскен өтініштер мен жолдауларды талдау, кәсіпорынның электрондық ресурстарында ақпарат беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстарын жүргізетін болады.

 

БІЗГЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ:

«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық-музейі» – Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің сенім телефондары:

 

«Мәдениет және Спорт министрлігі – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің сенім телефондары:

 

«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық қорық-музейі» —  «Адалдық алаңы» жобасын іске асыру аясында азаматтарды қабылдау кестесі.

Қабылдау жүргізетін құзіретті тұлға  Лауазымы Мекен-жайы, байл. тел.,
электрондық почта
Қабылдау күндері Қабылдау уақыты
1 Қайрамбаева Мейрамгүл
Сейтжапарқызы
Директордың ғылыми жұмыстары
жөніндегі орынбасары

Қ.Мұхамедханов, 29

asyl-mira@mail.ru

Сейсенбі  14:00-15:00
3 Қайырханова Гүлмира
Бахытханқызы
Бас есепші

Қ.Мұхамедханов, 29

abay-museum@mail.ru

Бейсенбі 16:00-17:00
4 Байгаскина Жанаргүл
Сайлауқызы
Кәсіподақ ұйымының төрайымы

Қ.Мұхамедханов, 29

janar180673@mail.ru

Жұма 16:00-17:00